29.05.2008, 18:24 3195

Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері сайланды

Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері сайланды

Бішкек. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері (төраға) болып Жогорку кенеш депутаты Айтибай Тагаев сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін парламент ғимаратында Қырғызстан президенті, "Ақ Жол" халықтық партиясының төрағасы Құрманбек Бакиев ұсынған кандидатураны 77 депутат қолдады. 2 депутат қарсы болды. Барлығы дауыс беруге 79 депутат қатысты.

Қырғыз парламентінің жаңа спикерін (төрағаны) қайта сайлауға Қырғызстан парламентінің этика және регламент жөніндегі комитеті "спикер А.Мадумаровтың мінез-құлық-әрекеттерінен ауытқушылық байқалғаны" жөнінде шешім шығаруы себеп болған. Комитет тиісті қорытынды шығарып, сол күні Жогорку кенештің экс-спикері Қырғызстан президентімен кездесті. Иңгіме жабық есік жағдайында өтті. Алайда, президентпен кездесуден кейін А. Мадумаров Қырғыз парламентінің спикері лауазымынан кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сол күні парламентте басымдықтағы "Ақ Жол" халықтық партиясының фракциясының отырысы жабық есік артында өтті. Отырыс қорытындысы бойынша А. Мадумаровты спикер лауазымынан алу және оны депутаттық өкілеттіліктен айыру мәселесін көтеру жөнінде шешім қабылданды. Парламент палатасының жалпы отырысында парламент мүшелері Адахан Мадумаровты спикерлік өкілеттіліктен айыруға бірауыздан дауыс берді.

Жогорку кенештің жаңадан сайланған спикері БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде "Қырғыз парламентінің бұрынғы спикері жіберген барлық қателіктерді ескеретінін және оларды қайталамауға тырысатынын" айтты. Жаңа спикер бұған қоса "партиялық негізде құрылған Жогорку кенештің әзірге айтарлықтай тәжірибе жинақтамағанын, яғни, қандайбір түсініспеушіліктер мен әдеттен тыс оқиғалар бар екенін, олардың әлі де бола беретінен ұмытпау керектігін, ең бастысы, заң мен этикалық нормалардың аясынан шықпау қажет екенін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны