15.01.2007, 10:59 3087

Қырғызстанда президенттің өкілеттілігін арттыратын Конституцияның жаңа редакциясы қабылданды

БІШКЕК. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бүгін ел парламенті- Жогорку кенеш 30-желтоқсанда қабылдаған Конституцияның жаңа редакциясына қол қойды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі осы елдің мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл соңғы үш айда Қырғызстан президенті қол қойған екінші Конституция. Елдің негізгі заңының бұған дейінгі редакциясы қараша айында оппозиция митингілерінің қысымымен қабылданған болатын. Ал бүгін қол қойылған Конституцияның жаңа редакциясы президенттің өкілеттілігін арттырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны