26.02.2007, 13:56 2946

Қырғызстанда рақымшылық туралы заң қабылданды

БІШКЕК. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев рақымшылық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, рақымшылық шарасы Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігінің 16 жылдығына және ел Конституциясының жаңа нұсқасының қабылдануына арналады. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш бұл заңның жобасын 2007-жылдың 11-қаңтарында қабылдаған.

Заңды қабылдау түзету мекемелерінде отырған 5 мыңдай тұтқынның жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Ауыр емес қылмыстар үшін сотталған 180 адам қамаудан босатылады.

"Рақымшылық шарасы қамауда отырғандардың санын азайтып, қаржы үнемдеуге, оны қалған тұтқындарды дұрыс ұстау мақсатына жұмсауға мүмкіндік береді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны