19.03.2007, 18:05 3289

Қырғызстанда республиканың бас прокуроры отставкаға кетті

БІШКЕК. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда республиканың бас прокуроры Қамбарәлі Қонғантиев отставкаға кетті. Осы жөніндегі жарлыққа бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарлықта шенеуніктің қызметтен кету себебі көрсетілмеген.

Қ.Қонғантиевтің қызметтен кетуін республикадағы көптеген қоғамдық және саяси қайраткерлер талап еткен еді. Бұрынғы бас прокурор баспасөзге қырын қарағаны және сыбайлас жемқорлықпен тиімсіз күрескені үшін сынға ұшыраған болатын.

Қ.Қонғантиев Қырғызстан бас прокуроры қызметіне өткен жылғы қазан айында тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны