10.04.2008, 17:38 3177

Қырғызстанда салық жинаудың өсу қарқыны 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында 145 пайызды құрады

Қырғызстанда салық жинаудың өсу қарқыны 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында 145 пайызды құрады

Бішкек. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда салық жинаудың өсу қарқыны 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында 145 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Құрманбек Бакиевпен кездесу барысында Қырғызстан Республикасының мемлекеттік алым-салық комитетінің төрағасы Темірбек Құрманбеков мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Т. Құрманбековтің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 3,9 млрд сомның салықтық түсімінің келіп түсуі қамтамасыз етілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 млрд сомға артық.

Иріқарай Т. Құрманбеков соңғы айларда Бішкек мэриясы мен Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің басшылары Қырғызстанның салық қызметінің жекелеген құқықтары мен өкілеттіктерін жергілікті билік органдарына тапсыруға бастамашы болып жүргендерін хабарлады. Осы жайтты әңгімелей отырыпҚ. Бакиев ешкімнің де Салық қызметіне араласпайтынын атап көрсетті. "Керісінше, барлық билік органдары салықтық түсімдердің мемлекет бюджетіне келіп түсуін қамтамасыз ету бойынша салық қызметінің жұмысына жәрдемдесулері керек", - деді Қырғызстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны