23.04.2007, 12:24 3364

Қырғызстанда су тасқынының салдарынан бүлінген және қираған тұрғын үйлердің саны 260 асып жығылады

БІШКЕК. 23- сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігіндегі қатты жауған жаңбырдан кейін болған су тасқынының салдарынан бүлінген және қираған тұрғын үйлердің саны 260 асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, су тасқыны сәуірдің 22-нен 23-не қараған түні болған. Иртүрлі су тсақындарының салдарынан Джалал-Абад облысының Созақ ауданында 200-ге жуық тұрғын үй мен 200 гектар суармалы жер бүлінген. Ал, Базарқорған ауданындағы бүлінген тұрғын үйлердің саны 60-қа жетіп жығылады.

Төтенше оқиға болған жерлерге облыстың төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы аттандырылды. Изірге тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны