23.07.2008, 13:45 1198

Қырғызстанда Тараз - Талас - Суусамыр жолын сауықтыру жобасын қаржыландыру жөніндегі заң ратификацияланды

Қырғызстанда Тараз - Талас - Суусамыр жолын сауықтыру жобасын қаржыландыру жөніндегі заң ратификацияланды

Бішкек. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Тараз - Талас - Суусамыр жолын сауықтыру жобасын қаржыландыру жөніндегі заң ратификацияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөйтіп, Қырғызстанда басымдық берілген халықаралық транспорттық бес дәліздің біреуін қайта салуға байланысты мәселе түпкілікті шешілді. Тараз - Талас - Суусамыр жолын сауықтыруға қосымша $2 млн 300 мың бөлу көзделуде.

Бастапқыда 37 шақырым жол салу қарастырылғанымен, артынан бұл сан 57-ге дейін өсті. Сол себепті жобаны қаржыландырушы Ислам даму банкі аталған соманы бөлгелі отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны