07.04.2010, 17:20 3387

Қырғызстанда төтенше жағдай енгізілді - телеарна

Қырғызстанда төтенше жағдай енгізілді - телеарна

Бішкек. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанда төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Пятый канал" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, тәртіпсіздіктер мен митингілерге байланысты Қырғызстан астанасында, Нарын, Талас, Ыстықкөл облыстарының Чолпон-Ата қалаларында коменданттық сағат енгізуге ел үкіметі шешім қабылдады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қазір орталық Ала-Тоо алаңында Үкімет үйінің алдында митингіге қатысушылар тұр. Олар Үкімет үйіне шабуыл жасауға талпынып жатқан жоқ, өйткені, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірнеше шабуылға тойтарыс беріп, тобырды кейін қарай ысырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны