06.02.2008, 18:40 3298

Қырғызстанда ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1479 адамды

Қырғызстанда ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1479 адамды

Бішкек. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 2007 жылдың қорытындысы бойынша ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1479 адамды құрады, олардың 75% есірткіні инемен тұтынатындар, 5% - аяғы ауыр әйелдер, ал 20% оқиғада індеттін жұғу көзі анықталмаған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әсіресе оңтүстік өңірлерде ВИЧ індетінің өсімі байқалуда. Кейінгі бес жылда ресми тіркелген ВИЧ/СПИД жұқтырғандар саны 15,6 есе өсті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, 2007 жылы Ош облысында балалардың ауруханада ВИЧ індетін жұқтыру деректері тіркелді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен Ош облысында ВИЧ індетін жұқтырған 36 бала, 9 ересек, соның ішінде 8 ана тіркелген.

2007 жылдың тамыз айынан бері 10 мың 717 екіқабат әйел тексеруден өткізіліп, олардың арасынан ВИЧ індетін жұқтырған 7 оқиға анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны