02.04.2007, 11:43 3419

Қырғызстанда жаңа министрлер кабинеті жасақталуда

БІШКЕК. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев республика үкіметің құрамындағы жаңа тағайындаулар туралы кезекті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, көші-қон және халықты еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік комитет төрайымы Айгуль Рыскулова, көлік және коммуникациялар министрі Нурлан Сулайманов, экономикалық даму және сауда министрі болып Сабырбек Молдокулов қайта тағайындалды.

Президенттің жарлығымен бірінші вице-премьер-министр Данияр Үсенов, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Жаныш Рустенбеков, денсаулық сақтау министрі Шайлообек Ниязов, алым-салықтар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Токтобек Акматов сынды тұлғалар лауазымынан босатылды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі болып Туратбек Джунушалиев тағайындалды, ол бұған дейін өнеркәсіп, сауда және туризм министрінің орынбасары болған. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болып Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Туйгунаалы Абдраимов, ал алым-салықтар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы болып Бішкек қалалық алым-салықтар жөніндегі комитетті басқарған Темірбек Құрманбеков тағайындалды.

Бұған дейін қорғаныс министріне Исмаил Исаковты тағайындау туралы жарлық шыққан. Ол Феликс Кулов пен Изім Исабековтың үкіметінде елдің қорғаныс министрлігін басқарған. Қырғызстан ішкі істер министрі Болотбек Ногойбаев, Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Карабаев, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Мұрат Суталиновтар лауазымын сақтап қалды.

Изім Исабеков басқарған Қырғызстан үкіметі республикадағы саяси шиеленісті ахуалды еңсеру және коалициялық үкімет құру үшін отставкаға кеткен. Алайда, оппозиция лидерлері бұрынғы әріптестері Алмазбек Атамбаевтың басқаруымен жаңа министрлер кабинетін жасақтауға қатысудан бас тартты. Соның салдарынан жаңа үкіметтің құрамына бұрын онда істеген адамдар қайта тағайындалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны