11.08.2008, 18:26 3356

Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі 72,83% құрайды

Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі 72,83% құрайды

Бішкек. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі қазіргі уақытта 72,83% құрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның мемлекеттік мүлік басқармасы мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жекешелендіру үрдісі басталғаннан бері Қырғызстанда 1 275 нысанның меншік түрі өзгерген. Қазіргі уақытта Қырғызстанда мемлекет шаруашылық жүргізуші 79 субъектіні басқаруға қатысады. Оның ішінде 68 акционерлік қоғам бар.

2008 жылдың қаңтар - маусымы аралығында үш акционерлік қоғамның құнды қағаздарының мемлекеттік пакеттері жекешелендіріліп, 20 мүліктік нысан сатылған.

Осы уақыт ішінде мемлекеттік меншікті жекешелендіруден бюджет қоржынына 19,8 млн сом түскен. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтерден түскен пайда 24,4 млн сомды құраса, мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен қаражат 8,1 млн сомға тең болған.

$1=34,88 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны