14.07.2008, 17:38 2789

Қырғызстанда жеті адам күйдіргі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды

Қырғызстанда жеті адам күйдіргі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды

Бішкек. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Жалалабад облысы, Ноокен аудандық ауруханасына жеті адам күйдіргі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғанындай, тұрғындар 7 шілдеде бір жайлауда сойылған сиырдың етін жеген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға туралы ақпарат үкімет басшысы Игорь Чудиновқа хабарланды. Қырғызстан үкімет басшысы тиісті министрліктерге күйдіргі жұқтыру деректерін анықтау жұмыстарын күшейтуге және халықтың зарарлы малдың етін тұтынуына жол бермеуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны