01.07.2008, 16:50 2630

Қырғызстанда жоспарлы өсім қарқынын сақтап қалған жалғыз сала - құрылыс болмақ

Қырғызстанда жоспарлы өсім қарқынын сақтап қалған жалғыз сала - құрылыс болмақ

Бішкек. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда құрылыс саласындағы нақты және болжамдық өсім 15% деңгейінде сақталуда. Қазір бұл жоспарлы өсім қарқынын сақтап қалған жалғыз сала. Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Санжар Муканбетов кеше инфляция жағдайында халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне арналған "дөңгелек үстелде" осындай мәлімдеме жасады.

С. Муканбетовтың айтуынша, Қырғызстанда құрылыс саласының құрдымға кетпей қалуына оның аздап дамуы түрткі болуда. Сарапшылардың пайымдауынша, өткен жылдармен салыстырғанда Қырғызстанда құрылыс салу қарқынды жүргізілуде.

Экономикалық даму министрлігінің статс-хатшысы Азиз Аалиевтің айтуынша, Қырғызстанда өнеркәсіп саласында болжамдық көрсеткіштер мүлдем орындалмай отыр. Мәселен, Құмтөр 2008 жылы 18 тонна алтын беруге уәде бергенімен, небәрі 12 тонна өнім шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны