26.02.2008, 14:33 2876

Қырғызстандағы Ош ЖЭО-ына Қазақстаннан мазут жеткізіле бастады

Қырғызстандағы Ош ЖЭО-ына Қазақстаннан мазут жеткізіле бастады

Бішкек. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы Ош ЖЭО-ына Қазақстаннан 110 цистерна (660 тонна) шымкент мазуты жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Электр станциялары" ААҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетелдік қымбатырақ отын сатып алу туралы шешімді "Электр станциялары" ААҚ Ош жылу электр орталығына отандық мазут жеткізуші - Жалалабад мұнай өңдеу зауыты - қаңтарда жұмыссыз тұрғандықтан отын жеткізу кестесінен біршама кешеуілдеп қалуына байланысты қабылдаған.

2008 жылдың 5 ақпанында Қазақстаннан мазут алу жөніндегі келісімге қол қойылды.

"Қазір Ош ЖЭО теплофикациялық режиммен жұмыс істеп, суды 51И температураға дейін жылытуда. Мазут қоры 1300 тоннаны құрайды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны