24.04.2008, 15:06 2815

Қырғызстандағы Ресей елшілігі "Қант" әуе базасындағы әскери қызметкерлермен болған оқиға бойынша Қырғызстанның СІМ-не екі нота жіберді

Қырғызстандағы Ресей елшілігі "Қант" әуе базасындағы әскери қызметкерлермен болған оқиға бойынша Қырғызстанның СІМ-не екі нота жіберді

Бішкек. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы Ресей елшілігі Ресейдің Қырғызстан аумағында орналасқан "Қант" әуе базасындағы әскери қызметкерлермен болған оқиға бойынша Қырғызстанның СІМ-не екі нота жіберді,

деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі РФ елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ресейдің дипломатиялық өкілдігінен хабарлағандай, алғашқы нотада оқиғаны тергеуге қолдау көрсету өтініші жолданған. Ал екіншісінде қылмыстық іс қозғау қажеттілігі мен осы мәселе жөніндегі бірлескен комиссия құру жөніндегі ақпарат көрсетілген.

Өз кезегінде Қырғызстанның СІМ елдің ІІМ бірлесе отырып оқиғаның жай-жапсарын зерттеуде, өзге ведомстволармен консультациялар өткізуде және тергеу нәтижелерін күтуде, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, милиционерлердің табельді қарудан атуы нәтижесінде Ресей әуе базасының офицері - РФ азаматы Максим Зотов ауыр жараланған оқиға 21 сәуірде түнде болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны