27.04.2007, 12:40 3704

Қырғызстандағы тұрақсыздық инвестиция ағымына кедергі жасайды - Назарбаев

Қырғызстандағы саяси тұрақсыздық инвестиция ағымына кедергі жасайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Ұлттық телеарнасы мен "Кабар" ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Ел ішінің тұрақсыздығынан, бүкіл дүниежүзінің Қырғызстанда болып жатқан тәртіпсіздіктерді, Қырғызстандағы мародерлікті көрсетуі - бұл барлығының, тіптен бүгінде қырғыз экономикасына миллиардтар салуға дайын қазақстандық бизнесімендердің өзінің қорқа қарауын әкеп соқтырды",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

БІШКЕК. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстандағы саяси тұрақсыздық инвестиция ағымына кедергі жасайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Ұлттық телеарнасы мен "Кабар" ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ел ішінің тұрақсыздығынан, бүкіл дүниежүзінің Қырғызстанда болып жатқан тәртіпсіздіктерді, Қырғызстандағы мародерлікті көрсетуі - бұл барлығының, тіптен бүгінде қырғыз экономикасына миллиардтар салуға дайын қазақстандық бизнесімендердің өзінің қорқа қарауын әкеп соқтырды",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Ол, Қазақстанның екі жыл ішінде грузия экономикасына 1 млрд АҚШ долларын салғандығын, бірақ Қырғызстанның экономикасына мұндай капитал салудың мүмкін еместігін атап өтті.

"Біз сіздерге неге сала алмаймыз? Себебі сіздерге келеді, ақшаларын салады, бірақ соңынан лицензиясын тартып алады, заң жоқ",- деп мәлім етті Н. Назарбаев. "Біз Қазақстаннан Ыстық көлге келетін қысқа жол салғымыз келеді, бірақ Ыстық көлдегі біздің меншігіміз туралы мәселе шешімін таппай жатыр, парламент осы күнге дейін бұл келісімді бекітпей отыр",- деп қосты мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті Қырғызстанның барлық саяси күштерін саяси күресуте конституциялық жолды таңдауға шақырды. Н. Назарбаевтің пікірінше, Қырғызстанда осы жағдайдан шығудың үш жолы бар.

"Біріншісі - келіссөздер үстеліне отыру, екіншісі - халық сайлаған билік өкілдерін сыйлау керек және де ол елде демократиялық, заңды жолмен тәртіп орнату үшін өз билігін жүргізуге тиіс", - деп атап өтті Қазақстан елбасы. "Үшіншісі, егер біріншісі мен екіншісі қолданылмаса, Қырғызстанның кезіндегі Ауғанстан сияқты болуы ғана қалады,- тәртіпсіздік, биліктің жоқтығы, кім не істегісі келсе соны істейді, экстремизм, терроризм, наркотрафик және т.б.",- деп мәлім етті ол республикаға тек бейбітшілік пен келісім тілейтіндігін айта келе.

Н. Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қырғызстанға келген ресми сапарының қорытындысын жоғары бағалады.

"Мен сапар сәтті болды, деп ойлаймын, сапар барысында әртүрлі салалардағы келісімдерге қол қойылды",- деп мәлім етті ол. "Қырғызстан мен Қазақстанның Мемлекетаралық кеңесі мен Сырты істер министрлерінің кеңесін құру туралы келісімге қол қою - бұл айқын бірігуге бастайтын жолдағы маңызды қадам",- деп атап өтті президент.

Елбасы атап көрсеткендей, Орта Азия елдерінің бірігуі "әртүрлі мәселелер мен даулы жағдайларға байланысты көптеген аймақтық проблемаларды шешуге" көмектеседі және "терроризммен, экстремизммен, наркотрафикпен және заңсыз көші-қонмен күресуге оңтайлы жағдай жасайды".

Н. Назарбаевтің Қырғызстанға ресми сапары 25 - 26 сәуірде өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны