19.05.2010, 14:58 3000

Қырғызстандық кәсіпкерлер шекараны ашу мәселесі бойынша Қазақстанға халықаралық ұйымдар арқылы қысым көрсетуді талап етуде

Қырғызстандық кәсіпкерлер шекараны ашу мәселесі бойынша Қазақстанға халықаралық ұйымдар арқылы қысым көрсетуді талап етуде

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстандық кәсіпкерлер уақытша үкіметке шекараны ашу мәселесі бойынша Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы секілді халықаралық ұйымдар арқылы қысым көрсетуді ұсынуда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Кәсіпкерлері одағының атқарушы директоры Шыңғыс Мәкешев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24.kg" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шыңғыс Мәкешевтің айтуынша, экономикалық блокада салдарынан Қырғызстанның кәсіпорындары шығынға белшесінен батып отыр. Бұл елдегі әлеуметтік ахуалды ушықтыра түсуде. "Уақытша үкіметтің қызметі әзірге заңсыз болғандықтан, халықаралық ұйымдардың ресурсын пайдалану қажет", - деп мәлімдеді Шыңғыс Мәкешев.

Оның пікірінше, "Қазақстанның басшылығы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережесін бұзып отыр, өйткені, шекараны жабу - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құзырындағы іс болмақ".

Оның мәлімдегеніндей, Қазақстан Қырғызстандағы саяси ахуалдың тұрақсыздығын алға артып, Қырғызстан мүше болып табылатын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен арадағы шекарасын жабуға тиіс емес.

"Біз уақытша үкіметтің шешімдеріне түсіністікпен қарап келдік, бірақ біздің төзіміміз таусыла бастады. Егер шекара осы аптаның аяғына дейін ашылмайтын болса, елмізде уақытша үкімет те, бизнес те болмайды. Елді дала командирлері басқаратын болады", - деді Шыңғыс Мәкешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны