09.12.2008, 11:16 1676

Қырғызстандық кеденшілер Қытайдан алтын контрабандасына жасалған әрекеттің жолын кесті

Қырғызстандық кеденшілер Қытайдан алтын контрабандасына жасалған әрекеттің жолын кесті

Бішкек. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандық кеденшілер Қытайдан алтын контрабандасына жасалған әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік кеден комитетіне сілтеме жасап.

Үрімжі-Ош бағытындағы ұшақпен келген жолаушыларды кедендік тексеру кезінде Ош тұрғыны ұсталды. "Жолаушының жүктерінен күдікті ештеңе табылмаған. Қырғыз азаматы өзімен бірге салмақты буманы ала келген. Ол онда автокөліктің қосалқы бөлшектері бар деп айтқан. Қоржынды ашқан кезде одан "96,8 процент" деген жазуы бар төрт құйма шыққан. Оның жалпы салмағы 2,3 килограмм болып шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны