Система Orphus

Қырғызстандықтар шетелдерде адам саудасымен айналысушылардың құрбанына жиі ұшырауда - Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі

15.01.2008, 15:21 136

Бішкек. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандықтар шетелдерде адам саудасымен айналысушылардың құрбанына жиі ұшырауда. Бұл туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Негізінен адамдарды заңсыз әкету және адам саудасының ағыны Біріккен Араб Имірліктеріне, Түркия, Кореяға бағытталады. Адамдар еңбек мигранттарын пайдалану және күшпен жезөкшелікке тартудың құрбанына айналуда. Көптеген жағдайларда бұл топты жұмыс іздеуге барған жас қыздар мен әйелдер құрайды", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Қырғызстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулдығының мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы жезөкшелікпен айналысуға күштеу оқиғасы бойынша бас консулдыққа жүгінген қырғыз азаматтарының саны өскендігі байқалған.

2004 жылы адам саудасы дерегі бойынша Қырғызстанның 4 азаматшасына көмек көрсетілсе, 2006 жылы Қырғызстанға 16 Қырғызстан азаматшалары жөнелтілген.

Өткен жылы Түркияның Ішкі істер министрлігі Қырғызстанның 5 азаматын адам саудасының құрбандары деп таныды.

Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі және шетелдердегі консулдық мекемелер адам саудасының салдарынан зардап шеккен Қырғызстан азаматтарына тікелей көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан мен Түркия арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімді тезірек бекіту қырғыз азаматтарының Түркияға заңсыз келу және еңбек қызметі проблемасының шешімдерінің бірі болары сөзсіз, деп санайды.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қырғызстан Республикасының бас консулдығы Біріккен Араб Имірліктерінің құқық қорғау органдарымен және көші-қон қызметтерімен ынтымақтастықты қалыптастырып, оны кеңейту үстінде. Ол елде айыппұл санкцияларын төлеп, тұтқынға алынудан қорғап 3 азаматты Қырғызстанға жөнелтудің сәті түскен.

"Қырғызстанның жоғары миграциялық ағыны бар елдердің төлқұжат пен визалық режимі және ол елге кіру мен жүріп-тұру жөнінде кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жөн санаймыз", - деп көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны