25.10.2016, 19:39 3911

Қырғызстандықтардыӊ қазасына себеп болған дәрі жеке фирмада өндірілген

Тамара Дүйсенованыӊ айтуынша, дәрі енді ғана жасалып, клиникалық зерттеуден өткізіліп жатыр. Министр дәріні өндіруші жеке фирма екенін және аталған дерек бойынша осы кәсіпорынныӊ өзі жауап беретінін айтты

Астана. 25 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық дәрі-дәрмекті пайдаланып өлім құшқан қырғызстандықтардыӊ қазасына қатысты Денсаулық сақтау министрі пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, Қырғызстанныӊ Бас прокуратурасы елдіӊ Ұлттық физиатрия орталығында науқастардыӊ өліміне әкелген қазақстандық туберкулезге қарсы дәріні заӊсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Тамара Дүйсенованыӊ айтуынша, дәрі енді ғана жасалып, клиникалық зерттеуден өткізіліп жатыр. Министр дәріні өндіруші жеке фирма екенін және аталған дерек бойынша осы кәсіпорынныӊ өзі жауап беретінін айтты. Сондай-ақ Тамара Дүйсенова дәрі-дәрмек туралы бұл ақпаратты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қарауға алатындығын мәлімдеді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Препаратты жалпы азаматтарға беру үшін бірнеше жылдар бойы лабораториялық-клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Ал клиникалық зерттеу жүргізілген кезде сол дәріні шығаратын мекеме мен дәріні клиникалық зерттеу өткізетін мекемелер ортасында келісім шарт болады. Біз бүгінгі таӊда барлық жасалып жатқан препараттарға жауап бермейміз, бірақ біз ол дәрі дәрмекті өз мемлекетімізге алар болсақ, оныӊ клиникалық зерттеу өтілді ме, дәлелдеу базасы бар ма, соны тексеріп барып аламыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны