15.07.2008, 17:31 1336

Қырғызстаннан Қазақстанға электр қуатының экспорты ашылды

Қырғызстаннан Қазақстанға электр қуатының экспорты ашылды

Бішкек. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстаннан Қазақстанға электр қуатының экспорты 14 шілдеден бастап ашылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне

"Электр станциялары" ААҚ баспасөз хатшысы Наталья Орлова хабарлады.

Биыл су тапшылығына байланысты экспорттың жалпы көлемі өте төмен болып, шамамен 500 млн кВт-сағ құрайды. Электр қуатын шетелдерге шығарудан бас тартуға мүмкіндік болмады, өйткені, Бішкек ЖЭО-ына отын сатып алатын жалғыз кіріс көзі осы болмақ.

Н. Орлованың айтуынша, экспортты бастауға көршілес мемлекеттердегі ирригациялық мұқтаждықтар мен Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігін қосатын жоғары кернеулі желіні жөндеуге шығару себеп.

Электр қуатының экспорты "Электр станциялары" мен жекелеген Қазақстан тұтынушылары арасындағы келісім-шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, үкіметаралық келісімге келу мүмкін болмаған.

Экспорт тамыздың аяғына дейін созылады. Бағасы ҚҚС қоспағанда 1 кВт/сағ 4,5 центті құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны