18.06.2010, 12:24 2670

Қырғызстанның 400 мыңдай тұрғыны ұлтаралық тәртіпсіздіктің салдарынан босқын болуға мәжүбір

Э. Бристің айтуынша, тек Өзбекстанға 75-тен 100 мыңға дейін адам бұзақылардан бас сауғалап қашқан. Мәселе тек ересектер жайлы ғана болып отыр, ал олармен бірге қанша бала болғандығын нақты ешкім білмейді.

Алматы. 18-маусым. Kazakhstan Today Қырғызстанның кемінде 400 мыңдай тұрғыны ұлтаралық тәртіпсіздіктің салдарынан өз үйлерін тастап, босып кетуге мәжүбір. Бұл туралы БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі комитетінің төрайымы Элизабет Брис мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Э. Бристің айтуынша, тек Өзбекстанға 75-тен 100 мыңға дейін адам бұзақылардан бас сауғалап қашқан. Мәселе тек ересектер жайлы ғана болып отыр, ал олармен бірге қанша бала болғандығын нақты ешкім білмейді.

Тағы 300 мыңдай адам басқа елдер мен Қырғызстанның басқа аймақтарына бас сауғалаған.

Бұрын хабарлағанымыздай, өзбектер мен қырғыздар арасындағы ұлтаралық қақтығыс салдарынан кемінде 191 адам мерт болып, екі мыңдай адам жарақат алған. Ресми мәліметтер әлі нақтыланған жоқ, ресми емес ақпараттарға сүйенсек, көз жұмғандар саны жеті жүзге жетіп жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны