14.05.2010, 18:00 2943

Қырғызстанның бұрынғы президенті мен оның жақындарының үстінен 100 жуық қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның бұрынғы президенті мен оның жақындарының үстінен 100 жуық қылмыстық іс қозғалды

Бішкек. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің отбасы мен оның жақындарының үстінен сыбайлас жемқорлық схемаларын құру, заңсыз тапқан пайда мен ақшаны заңдастырып алу және басқаның мүлкін рейдерлік жолмен тартып алу, аса ірі көлемде мемлекет қаржысын ұрлау деректері бойынша 100 жуық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қырғызстанның уақытша үкіметі төрайымының орынбасары Изімбек Бекназаровтың халыққа арнап жасаған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәлімдемеде атап көрсетілгендей, тергеу бұл қылмыстық істер бойынша жалпы шығын көлемін 5 млрд сомға бағалап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны