05.10.2006, 19:00 3217

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы депутаттық өкілеттілігінен айрылды

БІШКЕК. 5-қазан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Айдар Ақаев депутаттық өкілеттілігінен айрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселе комиссияның бүгін өткен отырысында қаралды.

Айдар Ақаев 2005-жылдың 26-наурызында тіркелген сәттен бастап Қырғызстан парламенті - Жогорку кенештің алдында ант берген жоқ, бүгінгі күнге дейін парламенттің жұмысына қатысқан жоқ. "Бұл - ол үшін дауыс берген сайлаушылардың құқығына қайшы", деп пайымдайды Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшелері.

Сондай-ақ, Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы құқық қорғау мекемелерінен депутат ұзақ уақытта бері елде тұрмайды деген ақпарат алды. Ал ел Конституциясына сәйкес, парламенттің депутаты Қырғызстан аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға шығып кеткен жағдайда халық қалаулысы деген өкілеттіліктен айрылады.

Бүгін осындай себеппен Мұратбек Малабаев та өкілеттіліктен айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны