18.03.2010, 17:23 3339

Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі Кедендік одаққа өтуге кедергі бола алмайды

Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі Кедендік одаққа өтуге кедергі бола алмайды

Бішкек. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі Кедендік одаққа өтуге кедергі бола алмайды. Бұл туралы Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов парламенттегі коммунистер фракциясының мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қырғызстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болудың келешегі мол, бірақ Кедендік одаққа мүше болу да перспективалы. Қырғызстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі Кедендік одаққа өтуге кедергі бола алмайды. Қырғызстан президенті Кедендік одаққа өту мүмкіндіктерін қарастыруға тапсырма берді",- деді Д.Үсенов.

"Бүгінгі күні біздің кедендік тарифтеріміз одақ аясындағы 2 мың позициямен сәйкеседі. Ал 3,5 мың позиция өзара жақын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны