16.05.2008, 19:26 2827

Қырғызстанның экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қорының қызметкеріне 64 тонна бидайды иемденіп кетті деген айып тағылуда

Қырғызстанның экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қорының қызметкеріне 64 тонна бидайды иемденіп кетті деген айып тағылуда

Бішкек. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қорының қызметкеріне 64 тонна бидайды иемденіп кетті деген айып тағылуда, деп хабарлайды агенттік Қырғызстанның қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстанның экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қорының Чу облысы Кемин аудандық өкілдігінің бас маманының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол Қырғызстандық әйелдің атына 735,2 мың сомның 63,7 тонна бидай тұқымын тауарлық несие ретінде рәсімдеп, оның сеніміне кіру арқылы тауарды иемденіп алған.

Қылмыстық іс Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 171-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) және 166-бабы (Алаяқтық) бойынша қозғалып, тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны