09.04.2007, 17:33 3080

Қырғызстанның экстремистік күштері республикадағы ахуалды өз мақсатына пайдалануға дайын - сарапшы

БІШКЕК. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның экстремистік күштері өз мақсатына қол жеткізу үшін республикада болып жатқан ахуалды пайдалануға дайын. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында стратегиялық талдау және болжау институтының теолог- сарапшысы Қадыр Маликов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Исламның атын жамылған кейбір экстремистік күштер болып жатқан ахуалды өздерінің саяси мақсаттарына пайдалануға дайын",- деп атап өтті Қ. Маликов. "Діни әлеуетті Хизб-ут-Тахрир сияқты қиратқыш ағымдар пайдалануы мүмкін",- деп атап көрсетті ол.

Сарапшының мәлімдеуінше, Қырғызстандағы бүгінгі қоғамдық-саяси жағдай ислам үшін қауіп төндіреді. "Исламның өзі үшін, оның беделі түсіру және барлық діндар мұсылмандар үшін қауіпті",- деп санайды Қ Маликов. Осыған байланысты теолог діндарларды оппозициялардың іс-шараларына қатыспауға шақырды.

"Өзінің бірінші азаматтық парызын наразылық шараларына қатысу деп санайтындар мұсылманның атынан қатысуға, сондай-ақ кез-келген ислам ұрандарын пайдалануға құқығы жоқ",- деп атап көрсетті.

Қ. Маликов сондай-ақ текетіреске қатысушы жақтарды діндарлардың сана-сезімін пайдаланбауға шақырды. "Қауіпті діни ресурстармен биліктің де, оппозицияның да ойнап қажеті жоқ",- деп ескертті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны