13.06.2008, 18:45 2768

Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті отанына жеткізілді

Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті отанына жеткізілді

Бішкек. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мәйіті отанына жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германиядан арнаулы рейспен шыққан ұшақ бірер уақыт бұрын белгіленген уақыттан сәл ғана кешігіп, "Манас" әуежайына келіп қонды. Осы ұшақпен Айтматовтың отбасы мүшелері де Бішкекке келді: Мария Урматовна, Асқар, Санжар, Эльдар және Шырын Айтматовтар. Ел президентінің жарлығымен әлемдік әдебиеттің алыбын жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін құрылған мемлекеттік комиссияның мүшелері, бірінші вице-премьер-министр Искендербек Айдаралиев пен Бішкек мэрі Данияр Усенов пен басқа да ресми тұлғалар да осы ұшақпен оралды.

Ұшақтан түскен қаралы топты Қырғызстан Ұлттық гвардиясының құрметті қарауылы мен Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Нур уулу Досбол басқарған мемлекеттік комиссия мүшелері күтіп алды. Қаралы процессия "Манас" халықаралық әуежайынан Бішкекке бет алды. Ш. Айтматовтың мәйіті ол кейінгі уақытта тұрған үйіне жеткізіледі.

Шыңғыс Айтматовтың мүрдесі салынған табыт 14 маусымда Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармонияда орнатылып, ол жерде таңертеңгі сағат 9-да азаматтық қоштасу рәсімі өтеді. Бұдан кейін процессия Қырғызстанның мемлекеттік жалауы ілінген Алатау алаңындағы №1 постының жанына тоқтайды. Бұл жерде бір минут үнсіздік жарияланады да, содан кейін қаралы топ Ата-Бейіт мемориалдық кешеніне қарай бет түзейді. Ол жерде Шыңғыс Айтматовтың мәйіті өз өтініші бойынша Сталиннің нәубет жылдарында қаза тапқан әкесі Төреқұл Айтматовтың бейітінің жанында, "Ата-Бейит" мұражай-мемориалдық кешенінде мәңгілік жер қойнына тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны