09.08.2011, 16:35 2980

Қырғызстанның ІІМ қазақстандықты аяусыз соққыға жығу оқиғасына қатысты тонау дерегі бойынша ғана қылмыстық іс қозғаған

"Қылмыс белгілері бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 167 бабының 2 бөлігі, 1 тармағы. 3 тармақшасы бойынша (тонау) Ыстық көл қалалық ішкі істер департаменті тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанның ІІМ қазақстандықты аяусыз соққыға жығу оқиғасына қатысты тонау дерегі бойынша ғана қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ыстық көлдің "Рохат" пансионатындағы Қазақстаннан келген туристі ұрып-соғып, тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Республиканың ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап КирТАГ хабарлаған.

"Қылмыс белгілері бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 167 бабының 2 бөлігі, 1 тармағы. 3 тармақшасы бойынша (тонау) Ыстық көл қалалық ішкі істер департаменті тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта кешенді түрде қсы қылмысқа қатыстыларды анықтау үшін шұғыл-іздестіру және шұғыл- тергеу іс-шаралары өткізілуде. Ішкі істер органдары Ыстық көл курортты аймағында қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті күшейте түсті", - делінген таратылған хабарламада.

Бұл қылмыстық істің тергелуі республика ішкі істер министрінің тікелей жеке бақылауына алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны