16.06.2008, 11:33 1361

Қырғызстанның қаржы полициясы бидай ұрлау дерегі бойынша қаржы министрлігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Қырғызстанның қаржы полициясы бидай ұрлау дерегі бойынша қаржы министрлігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Бішкек. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның қаржы полициясы бидай ұрлау дерегі бойынша қаржы министрлігінің қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі қылмыстық іс те Қырғызстанның Қылмыстық кодексінде "Сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу", "Алаяқтық" баптары бойынша қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалды. Екі адам да Қаржы министрлігінің жанындағы экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қордың қызмекерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны