30.11.2007, 11:12 3129

Қырғызстанның Нарын облысында болған ұшақтың апаттық жағдайда қону оқиғасын тексеру нәтижелері жарияланды

Қырғызстанның Нарын облысында болған ұшақтың апаттық жағдайда қону оқиғасын тексеру нәтижелері жарияланды

Бішкек. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда үстіміздегі жылдың 23-маусымында болған ұшақтың апаттық жағдайда қону оқиғасын тексеру нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға себебін тексерумен айналысқан арнайы үкіметтік комиссия өз тұжырымдарын жариялаған.

"Бішкек - Ыстықкөл - Нарын - Казарман - Бішкек бағыты бойынша жолға шыққан ұшақ апатты жағдайда жерге қонған. Айтарлықтай ақау алған ұшақ жанып кеткен", - деп хабарлады комиссия. "Қозғалтқыш жұмысын бақылау жүйелері өрт шыққаннан кейін жоғары температура салдарынан толығымен жойылған. Осыған байланысты қозғалтқышты зауытта қосымша тексеру мүмкін болмады", - деп түсіндірді комиссия мүшелері.

"Экипаждың іс-әрекетін талдау ұшақ командирі қабылдаған амалсыздан жерге қону туралы шешімнің дұрыс болғандығына толық дәлел бола алады", - деп атап көрсетті комиссия мүшелері.

Естеріңізге сала кетсек, 23-маусым күні күндізгі 11 сағат 14 минутта Қарақұжыр елді мекенінің маңында Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы "Авиация департаменті" мемлекеттік кәсіпорынына тиесілі Як-40 ЕХ-901 ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған еді. Өлім-жітім болған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны