04.08.2008, 19:03 2697

Қырғызстанның оңтүстігінде балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша бірқатар медицина қызметкерлері сотталды

Қырғызстанның оңтүстігінде балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша бірқатар медицина қызметкерлері сотталды

Бішкек. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Ноокат қаласында 1 тамызда балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша сот аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Үкім шығарған судьялардың айтуынша, екі айға созылған сот тергеуінің нәтижесінде айыпталушы 14 медицина қызметкерінің 9-ы Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316 (Немқұрайдылық), 117 (ВИЧ індетін жұқтыру) баптары бойынша айыпты деп танылды. Төртеуі кінәсі дәлелденбеуіне байланысты ақталды. Бір қылмыстық іс тоқтатылды.

Сотталған медицина қызметкерлерінің барлығы әртүрлі мерзімдерге жазаға кесілді. Атап айтқанда, олар 3 жыл мен 5 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны