10.07.2006, 11:29 2807

Қырғызстанның оңтүстігінде құқық қорғау органдарының бір қызметкері оққа ұшып, екеуі жараланды

БІШКЕК. 10-шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад қаласында құқық қорғау органдарының бір қызметкері оққа ұшып, екеуі жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың 9-шілдесінде 18 сағат шамасында жолдағы пост қызметінің мамандары жергілікті номері бар автокөлікті тоқтатқан. Одан азиялық текті екі белгісіз адам шыққан. Олардың біреуі автокөлікте отырған жолдағы пост қызметінің инспекторы Мамасадық Тұрсынбаевты атып жіберген. Осыдан кейін қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін жасырып үлгерді. М.Тұрсынбаев ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды.

Оқиғаға байланысты “Сирена” операциясы жарияланды. Күдіктілердің суреттері Қырғызстанынң Ош және Баткен облыстық ішкі істер басқармалары мен Өзбекстан Республикасының Индіжан және Наманган облыстық ІІБ-ына жолданды.

10-шілде күні таңертеңгі сағат 5-те Жалал-Абад маңын сүзу барысында белгісіз үш адам ІІБ қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс кезінде ішкі істер бөлімі төрағасының орынбасары, милиция подполковнигі С.Мамытов, милиция старшинасы Ж.Шерматов пен кездейсоқ жүргінші жараланды.

Қылмыскерлер қашып кетті. Оларды іздестіру шараларына құқық қорғау мекемелерінің 300-ден астам қызметкерлері жұмылдырылған. Аса қауіпті қылмыскерлерді құртып жіберуге бұйрық берілді.



МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны