14.05.2010, 14:59 3103

Қырғызстанның оңтүстігінде Ош қаласындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы ұсталды

Қырғызстанның оңтүстігінде Ош қаласындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы ұсталды

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігінде елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің бұрынғы кеңесшісі Үсен Сыдықов ұсталды, оған уақытша үкімет Ош қаласындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24.kg" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Қырғызстанның оңтүстігінде Ош қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы Үсен Сыдықов ұсталды",- деп мәлімдеді бүгін Қырғызстанның уақытша үкіметі төрайымының орынбасары Изімбек Бекназаров журналистерге берген сұхбатында.

Бірақ ол елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің бұрынғы кеңесшісі қай қалада қандай жағдайда ұсталғаны туралы нақты мәлімет берген жоқ. "Қазір Ош қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар басқа адамдарды анықтау үшін тексерулер жүргізіліп жатыр", - деді И. Бекназаров.

Оның айтуынша, сондай-ақ, 2010 жылдың 17 мамырында жаппай толқулар дайындалып жатқаны туралы ақпарат мәлім болған. "Бүгіннен бастап республиканың барлық өңірлерінде халық жасақтарының топтары құрылады, олар елдегі ахуалды тұрақсыздандыруға кедергі болмақ ниетте", - деді И. Бекназаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны