19.04.2007, 11:31 1431

Қырғызстанның оңтүстігінде жауған қатты нөсерден үйлер құлап, шаруашылық құрылыстарға зақым келді

БІШКЕК. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігінде жауған қатты нөсерден үйлер құлап, шаруашылық құрылыстарға зақым келді,-деп хабарлайды Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігініңң баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуірдің 17-і Ош облысының Үзген ауданында жауған қатты нөсерден "Шор-Суу" су каналы ернеуінен шығып, тұрғын үйлер мен екі орта мектепті су басып қалған. "Ловчий" каналының арнасынан шығуынан 25 тұрғын үй су астында қалған. Оқиға орнына аудандық коммисия жөнелтілді.

Ал Ош облысы Қарақұлжа ауданында қатты жауыннан болған селден "Старый монол" арнасы бұзылып, 18 тұрғын үйдің ауласын су жайып кеткен. Жарақаттанғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде зардап көрген ауданда комиссия тексеру жүргізуде.

Жалал-Абад облысының Ақсый аудананда 36 шаруашылық құрылым, 9 шағын үй, 11 асхана, 6 ішкі шаруашылық көпірді, ішкі шаруашылық 3 шақарам жолды су басып қалған. Сел тасқыны 26 ірі қара, 424 ұсақ малды, 1172 ағашты ағызып алып кеткен. Алты отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.

Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, зардап шеккен аудандардың тұрғындарына дәрі-дәрмектер таратылып, баспаналарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Министрліктің оңтүстік аймақаралық басқармасы 5 тонна Жанар жағар май: апатты қайта қалпына келтіру жұмыстарына 3 тонна, арнайы штабтық-командалық дәрістерге -2 тонна бөлген.

Қырғыз Гидрометеоорталықтың болжамынша, кеше сәуірдің 18-індегі жағдаймен республиканың таулы аудандарында жауын жауып тұр. Сел қаупі әлі де сақталып тұрғандықтан, тау етегіндегі жерлерді су басып қалуы мүмкін. Оған қоса, еріген қарлар түсіп, таулы аймақтарда жер қабатының жылжуы да ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны