03.03.2008, 17:36 3159

Қырғызстанның оппозициялық күштері халықтық құрылтай өткізбекші

Қырғызстанның оппозициялық күштері халықтық құрылтай өткізбекші

Бішкек. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте 29 наурызда Қырғызстанның оппозициялық күштері халықтық құрылтай өткізбекші. Бұл туралы Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Азимбек Бекназаров брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, шараға қоғамдық парламент пен төңкеріс комитеті бастамашы болып отыр. Құрылтайда президент Құрманбек Бакиев басқарып отырған биліктің саясаты туралы мәселелер, азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы және басқа да мәселелер талқыланады.

"Төңкеріс комитеті өз жұмысын бастағалы бір ай өтті. Бір айда біз барлық қоғамдық-саяси қайраткерлермен жүздестік. Нәтижесінде біз халықтық құрылтай өткізу қажет деген ортақ пікірге келдік. Құрылтайға бейтарап саясаткерлер де, оппозиция өкілдері де қатысады. Ирбір өңірде өз өкілдерін ел астанасына жіберетін жауапты адамдар бар. Дәл қанша өкіл қатысатынын біз қазір айта алмаймыз", - деді ол.

А. Бекназаровтың айтуынша, әзірге құрылтайды өткізетін орын белгісіз. "Біз жергіліктьі биліктен ол үшін рұқсат сұрамаймыз, өйткені, Конституцияның 23 бабында азаматтар құрылтай өткізуге құқылы деп жазылған", - деді ол.

"Оның қорытындысы бойынша біз нұсқаулық сипаттағы құжат қабылдаймыз. Қандай шешім қабылданатынын тап басып айта алмаймын. Бірақ егер құрылтай "Бакиев - кетсін" деп шешетін болса, біз тиісті шешім қабылдайтын боламыз. Төңкеріс комитеті Қ. Бакиевке 24 наурызға дейін өз еркімен отставкаға кетуі үшін мұрсат береді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны