19.06.2007, 16:13 2816

Қырғызстанның парламенті Қамбарата су электр станциясын жекешелендіру туралы заң жобасын қабылдады

БІШКЕК. 19 - маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстанның парламент депутаттары бүгін Бішкек қаласының жылу электр орталығын мен Қамбарата су электр станциясын мемлекеттік басқарудан шығару туралы заң жобасын қабылдады,

деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл заң жобасын қолдап 45 депутат дауыс берген, 2-і қарсы және біреуі қалыс қалды. Бұл заң бастамасын мақұлдау үшін 38 халық қалаулысының келісімі жеткілікті болған.

"Келесі жылдың 1-қаңтарында Қамбарата су электр станциясын салудың алдын-ала жасалған техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуге тиіс",- деп мәлім етті журналистерге заң жобасы қабылданғаннан кейін энергетика және отын ресурстары министрі Игорь Чудинов.

Бұрындары хабарлағанымыздай, өткен аптада республика парламенті "Тоқтағұл СЭС ерекше мәртебесі туралы" заңға Бішкек спен Ош қалаларының жылу электр орталықтары мен Қамбарата су электр станциясын жекешелендіру мүмкіндігін қарастыратын түзетулерді қабылдамай тастаған болатын. Бірақ, бірнеше күн ішінде Қырғызстанның стратегиялық энергетика нысандарын жеке меншікке беруге рұқсат беретін заң жобасы әзірленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны