25.09.2007, 14:52 2619

Қырғызстанның парламенті Орталық сайлау комиссиясының басшысын бекітті

Қырғызстанның парламенті Орталық сайлау комиссиясының басшысын бекітті.

Бішкек. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Жогорку кенешінің (парламентінің) депутаттары бүгін сайлау және референдум жүргізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына Клара Кабилованы бекітті,
деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметіне сілтіме жасай отырып.

"Клара Кабилованың кандидатурасын 52 депутат қолдап, 8 қарсы дауыс берді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Олар сондай-ақ Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының бастығын бекіту "республика үшін маңызды, себебі онсыз 21-қазанға белгіленген бүкілхалықтық референдумды жүргізу мүмкін емес" деп түсіндіріп өтті.

К. Кабилова 1963 жылы Ташкумыр қаласында дүниеге келген. Соңғы екі жылда ол Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы және республика президентінің жанындағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымын атқарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны