20.04.2007, 10:44 2705

Қырғызстанның премьер-министрі Бішкектегі тәртіпсіздіктердің жауапкершілігін оппозицияның жетекшілеріне жүктеді

БІШКЕК. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев Бішкектегі тәртіпсіздіктердің жауапкершілігін оппозиция митингісін ұйымдастырушыларға жүктеді. Бұл туралы үкімет басшысы өткен түнде Алатоо алаңында шұғыл түрде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Құловтың адамдарды алаңға алып шығып, 10 - 15 минуттай сөз сөйлеп, одан кейін бой көрсетпеуі - бұл қоқанлоқы көрсету",- деп атап көрсетті А. Атамбаев. "Егер адамдарды алып келдің бе, онда олармен аяғына дейін бірге болу керек",- деп атап өтті үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, жаппай наразылық шарасын өткізуге тыйым салынбайды. "Митинг демократияның белгісі болып табылады, ең бастысы митингке қатысушылардың билікті басып алу мақсаттын ұстанбауы",- деп мәлім етті А. Атамбаев.

Үкімет басшысы, Қырғызстанның Негізгі заңының жаңа редакциясы оппозиция жеткешілерімен келісілетіндігін хабарлады. "Оппозициямен конституциялық реформа туралы келісімге келуге болады",- деп атап өтті Қырғызстанның үкімет басшысы. Оның айтуынша, республикада президенттік-үкіметтік аралас басқару формасы белгіленеді. Конституциялық реформа жүргізу оппозиция митингісінің қойған талаптарының бірі.

А. Атамбаев журналистерге жуықта Қазақстанға барып қайтандығы туралы хабарлады. "Мен Астанада болып қайттым, және де біздің еліміздің Қазақстаннан айтарлықтай қалып келе жатқандығын айтуға болады",- деді премьер. Осыған байланысты үкімет басшысы қырғызстандықтарды "ұрлауды тоқтатып, жұмыс істеуге" шақырды.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше республиканың құқық қорғау органдары митингке қатысушылардың кейбіреулері милиция қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болғаннан кейін оппозицияның наразылық шарасына тарқатып жіберген болатын. Шараға қатысушылар Алатоо алаңынан санаулы минуттарда ығыстырылып, олардың 11-сәуірден бері өмір сүріп жатқан киіз үйлері бұзылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны