11.04.2007, 19:38 3274

Қырғызстанның премьер-министрі жаңа Конституция қабылдағаннан кейін отставкаға кетпек

БІШКЕК. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев жаңа Конституция қабылдағаннан кейін отставкаға кетпек ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Парламент бұл заңды қабылдасымен, Атамбаев отставкаға кетеді, Құлов та, Сариев те премьер-министр орнына барып, сайлауға түссін",- деп мәлім етті бүгін үкімет басшысы оппозицияның митингісіне қатысушылармен кездесуінде. Оның айтуынша, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Конституцияның қолданыстағы редакциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қол қойып, оны республиканың парламентіне жолдаған.

"Мен өзімнің 12 жұмыс күнімде екі жылда атқарылатын іс тындырдым",- деп есеп берді премьер. А. Атамбаевтің сөздеріне сүйенсек, ол Талды - Бұлақ Левобережный алтын кен орнын, "Кристалл" АҚ мемлекет бақылауын қайтарған. Үкімет басшысы хабарлағандай, ол жақын күндері Таласқа барып, Джеруй және Андаш алтын кен орындарының айналысандағы ахуалды анықтауды жоспарлауда.

Премьер-министр мінбеден түсісімен митингке қатысушылар оның отставкаға кетуі туралы талаптарын айтып, айқайлай бастады.

Қазір оппозицияның шарасына қатысушылардың саны айтарлықтай азайды. Митингіге қатысушылардың көбі шаршап, Бішкектің орталық алаңына орнатылған өздерінің киіз үйлері мен шатырларына тарады. Ертең митинг жалғасады деп күтілуде. Ал бүгін кешке шараға қатысушылар оппозициялар акциясын жүргізген жерді ретке келтірмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны