30.04.2008, 15:25 6390

Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті

Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті

Бішкек. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осындай шығындар 2007 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 112,1 млн сомға артып, 2008 жылдың 1 сәуірінде 275,7 млн сомға жетті.

Басты берешек бойынша қарыздарға қызмет көрсету 176,6 млн сомды, процент бойынша - 99,1 млн сомды құрады. Сыртқы қарызға қызмет көрсету 2008 жылдың басынан бері өз кезегінде 1,05 млрд сомнан асты. Оның 1,014 млрд сомы - басты берешек бойынша, 45,4 млн сомы - проценттер бойынша өтем.

Мемлекеттік қарыз бойынша төлемдердің мемлекеттің жалпы шығындары көлеміндегі үлес салмағы жыл басынан бері бүгінге дейін 14,5% болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны