04.01.2008, 10:22 1823

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сейсмология институты жер асты дүмпулерінің қайталануы мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сейсмология институты жер асты дүмпулерінің қайталануы мүмкіндігін жоққа шығармайды

Бішкек. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мен Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы төтенше жағдайларды болжау, мониторинг жүргізу департаментінің болжамына сүйенсек, жер асты дүмпулері қайталануы мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

"Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен қызметтердің басшылары төтенше жағдайлар болған жағдайда оның салдарына дер кезінде әрекет етуге дайын болуы қажет", - деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметтеріне сүйенсек, 1-қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 00.23 жер сілкінісі кіндігінің ошағында 5,5 балл жер асты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігі Өзбекстан Республикасының аумағында Ош қаласынан солтүстік-батысқа қарай 115 шақырымда және Таш-Қумыр қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырымда болған.

Сондай-ақ 1-қаңтар күні сағат 12.32 жер сілкінісінің кіндігінде 6 баллдық жер асты дүмпуі қайталанған. Жер сілкінісінің кіндігі Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымда болған.

Төтенше оқиға болған жерде Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарынан тұратын жедел топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі жедел топ құрылған, оған төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бакир Жолчиев жетекшілік етеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала берген мәліметтеріне сүйенсек, "жер сілкінісінің қайталануы салдарынан бұрын бүлінген үйлердегі жарықшақтар кеңейіп, апаттық жағдайдағы үйлердің саны өсті".

Ең көп зардап шеккен Қарасу және Ноокат аудандарында үш үй қирап, апаттық жағдайдағы үйлердің саны 118-ді құраған, олардың 34-і күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді және 62 үй болымсыз ғана бүлінген.

Ош қаласында 346 тұрғын үй тексерілген, 4 жер үй қираған, 163 жер үй және көп қабатты 6 тұрғын үй апаттық жағдайда, 45 жер үй күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Жедел топ бүлінген баспаналар мен әкімшілік ғимараттарды тексеру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны