13.04.2010, 15:57 3364

Қырғызстанның уақытша үкіметі Бакиевті қол сұғылмаушылық құқығынан айырды

Қырғызстанның уақытша үкіметі Бакиевті қол сұғылмаушылық құқығынан айырды

Бішкек. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанның уақытша үкіметі Құрманбек Бакиевті қол сұғылмаушылық құқығынан айырды. Бұл туралы Қырғызстанның уақытша үкіметінің баспасөз қызметі кеше мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осылайша, уақытша үкіметтің шешімімен Құрманбек Бакиевті тұтқындауға ордер беріледі, кейін ол сотқа тартылуы мүмкін.

Уақытша үкіметтің төрайымының орынбасары Изімбек Бекназаровтың бүгін хабарлауынша, Қ. Бакиев "сол арқылы өз қылмыстары үшін жауап беретін болады".

Еске сала кетейік, Қырғызстанда президент Құрманбек Бакиевтің інілеріне: атап айтсақ, Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы жетекшісі Жаныш Бакиевке, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Марат Бакиевке, сондай-ақ, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Мурат Суталиновқа және бұрынғы қорғаныс министрі Бакытбек Калыевке іздеу жарияланды.

"Оларға сырттай Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 97-ші бабы бойынша (екі және одан көп адамды ұйымдасқан топпен өлтіру) айып тағылды", - деп хабарлады Қырғызстанның бас прокурорының міндетін атқарушы Байтемир Ибраев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны