19.04.2010, 11:19 1640

Қырғызстанның уақытша үкіметі дүниежүзілік қоғамдастықтан Бакиевтің есепшоттарын жабуды өтінуде

Қырғызстанның уақытша үкіметі дүниежүзілік қоғамдастықтан Бакиевтің есепшоттарын жабуды өтінуде

Алматы. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанның уақытша үкіметі дүниежүзілік қоғамдастықтан Бакиев пен оның төңірегіндегілердің есепшоттарын тауып, жабуды өтінуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

РБК ақпаратына сәйкес, бұл 2010 жылдың сәуір айының басында екі тәуліктің ішінде елдің алты коммерциялық банкінен 200 миллион доллардың шығарылуына байланысты, деп хабарлайды "Маяк" радиосы.

Уақытша үкімет басшысының орынбасары Темір Сариевтің айтуынша, алдын-ала мәліметтер бойынша, қаржы американдық банктердің бірінде жатыр. Бұл мәселе АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен талқыланған. Уақытша үкімет бұрынғы президент Қ.Бакиевтің төңірегіндегілер бұл қаржыны лаңкестік әрекеттер ұйымдастыру үшін пайдалануы мүмкін екенін хабарлап отыр.

Қырғызстанда төңкерістен кейін бұрынғы президент Қ.Бакиевтің үстінен Бішкекте 7-сәуірде болған оқиғалар кезінде адамдарды өлтіру және экс-президенттің өзінің қызмет бабын асыра пайдалану оқиғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның құқық қорғау органдары тағынан тайдырылған Қ.Бакиевтің аға- бауырларын іздестіруді жалғастыруда. Елдің бұрынғы басшысы мен оның айналасындағыларға сыбайлас жемқорлық, журналистер мен саясаткерлерді өлтіру деректері бойынша күдікті деп танылуда. Оларға қатысты 200-ден астам қылмыстық іс қозғалып отыр. Елді тастап шыққан және қызметтен отставкаға кеткен Қ.Бакиевболса өзіне және айналасындағы азаматтарға тағылған айыптарды теріске шығарып отыр, деп хабарлайды РБК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны