05.05.2010, 10:30 1301

Қырғызстанның уақытша үкіметі Құрманбек Бакиевті елге экстрадациялауды талап етті

Қырғызстанның уақытша үкіметі Құрманбек Бакиевті елге экстрадациялауды талап етті

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның уақытша үкіметі арнайы декретпен Бас прокуратураға президенттіктен құлаған Құрманбек Бакиевті елге экстрадациялап, оны қылмыстық жазаға тартуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Осы декретпен Қ.Бакиев "бейбіт адамдарды ату туралы шешім қабылдағаны үшін" экс-президент және дербес құқықтылығы мәртебесінен айырылған болатын.

Қазіргі таңда Қ.Бакиев Минскіде, Беларусь президенті Александр Лукашенко оған саяси баспана беруге уәде еткен.

Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ, Қырғызстанның уақытша үкіметі сәуірдің 7-сі күні көптеген адам өлтірілген бұқаралық тәртіпсіздіктерге кінәлілерді тапқан адамға ақшалай сыйақы тағайындаған. Оған бұрынғы президент Қ.Бакиев, оның інісі Жанышбек (Жаныш) және оның ұлдары Максим, Марат Бакиевтер кінәлі деп табылып отыр.

Сәуірдің 7-і күні оппазиция лидерлері мен билік арасындағы қақтығыстан кейін Қырғызстандағы оппазиция жақтастары Қырғызстан үкімет үйін басып алып, билік уақытша үкіметке өтті. Президент Құрманбек Бакиев елден қашып шығып, өкілеттілігін доғару туралы өтініш жазған. Қырғызстанда болған оқиғалардан бірнеше ондаған адам қаза тауып, 1,5 мыңдай адам жарақаттанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны