Система Orphus

Қырғызстанның уақытша үкіметі төрайымының орынбасары Қазақстаннан мұнай өнімдері мен ұн контрабандасына рұқсат бермек ниетте

18.05.2010, 17:33 1312

Алматы. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның уақытша үкіметі төрайымының орынбасары Изімбек Бекназаров Қазақстаннан мұнай өнімдері мен ұн контрабандасына рұқсат бермек ниетте. Бұл туралы ол бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today REGNUM агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстаннан мұнай өнімдері мен ұн контрабандасына рұқсат беру қажет", -деді И. Бекназаров.

Оның айтуынша, ол қазір азаматтарды жанар-жағармай мен азық-түлік өнімдерінің контрабандасы үшін жазалау тәртібін алатын заң жобасын дайындап жатыр. Ол осындай жолмен көршілес елдердің шекара жабуымен күресу қажеттігін атап көрсетті.

"Қырғызстанда азық-түлік тапшылығы бар, егер біз контрабандаға рұқсат берсек, Қазақстандық кәсіпкерлерінің өздері-ақ бізге қажетті өнімдерді әкеліп береді", -деді И.Бекназаров.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 7 сәуірде жабылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны