12.05.2010, 15:14 2826

Қырғызстанның уақытша үкіметіндегілерге Бакиевтің елден шығуына жәрдемдескені үшін ақша алды деген айып тағылуда, ал үкіметтегілер бұл айыптауларды жоққа шығарады

Қырғызстанның уақытша үкіметіндегілерге Бакиевтің елден шығуына жәрдемдескені үшін ақша алды деген айып тағылуда, ал үкіметтегілер бұл айыптауларды жоққа шығарады

Бішкек. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшыларына елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің елден шығуына жәрдемдескені үшін ақша алды деген айып тағылуда, ал үкіметтегілер бұл айыптауларды жоққа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24.kg" агенттігіне сілтеме жасап.

"24.kg" ақпаратына сәйкес, 11 мамыр күні кешке Қырғызстанның бірқатар БАҚ-тарының электронды поштасына уақытша үкімет басшысының орынбасары Азимбек Бекназаровтың, және генералдар Мирослав Ниязов пен Омурбек Суваналиевтің атына жолданған хат пен банк құжаттарының көшірмелері келіп түскен.

"Хатқа екі банк құжатының көшірлемелері қосылған, оларда 2010 жылдың 23 сәуірінде бір Эстон банкінен Біріккен Араб Имірліктерінің банкіне уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отунбаева мен оның бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаевтың атына тиісінше 200 мың және 150 мың АҚШ доллары аударылғаны жайлы дәлелдер келтірілген", - деп хабарлайды "24.kg".

Ал Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев бұл жасырын ақпаратты мүлдем жоққа шығарады. "Бұл елдегі қайғылы оқиғаның 40 күндігіне орай жасалған кезекті шылғи өтірік пен жалғандықтың кезекті бір парасы. Жасырын арандатушы авторлардың бұл әрекеті бұрынғы бакиев хатшылығының қолтаңбасына ұқсас. Кейінгі жылдары осындай "жасырын авторлар" талай "қара күйелерді" жағып баққан, бірақ әлдебір ақша жайлы ақпарат алғаш рет таратылып отыр. Менде ешқандай есепшоттың жоқ екендігі түсінікті жайт және ешқандай да ақша аударымы болған емес",- деп уақытша үкіметтің баспасөз қызметі Р.Отунбаеваның сөздәйегін келтіре отырып, ресми мәлімдеме таратты.

Ал Алмазбек Атамбаев болса бұл әрекетті арзан арандатушылық деп атап, егер сол ақшаны тауып әкелетін адам болса, оны толық соған бере саламын, деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны