31.01.2008, 10:12 2742

Қырғызстанның Иділет министрлігі "Митинг өткізу тәртібі туралы" заң жобасын жасамақ

Қырғызстанның Иділет министрлігі "Митинг өткізу тәртібі туралы" заң жобасын жасамақ

Бішкек. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда "Митинг өткізу тәртібі туралы" заң жобасын жасайды. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғыз Республикасының әділет министрі Марат Қайыпов хабарлады.

Оның айтуынша, митинг өткізу үшін ескерту жасау түсінігі заңда әлі толық ашылмағандықтан әркім әрқалай түсінуде. Осы себепті митинг өткізу кезінде бірқалыпты емес жағдай қалыптасады.

"Бұл заң шеруге қатысушылар мен бейбіт азаматтар арасындағы қатынастарды реттеп, қырғызстандықтар мен республика қонақтарының алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек", - деді әділет министрі.

Осы себепті М. Қайыпов пен құқық қорғаушылар митинг өткізу ережесін реттейтін заң бойынша ынтымақтасу және жогорку кенеш депутаттарымен бірлесе отырып жұмыс істеу жөнінде уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны