08.01.2009, 16:42 3024

Қырғызстанның вице-премьер-министрі отставкаға кетті

Қырғызстанның вице-премьер-министрі отставкаға кетті

Бішкек. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эльмира Ибраимова отставкаға кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Саясаттанушылардың пікірінше, оның отставкаға кетуі бүгін президент әкімшілігінің жетекшісі Медет Садыркулов отставкаға кетуіне байланысты.

Қазір оның өтінішін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қарастыруда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанда президент әкімшілігінің жетекшісі Медет Садыркулов отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев өткізген жұмыс бабындағы кеңес барысында мәлім болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеңес барысында Қ. Бакиев президент әкімшілігінің жетекшісі Медет Садыркуловтың отставкаға кету жөніндегі өтінішін қабылдауға келісім берді.

"Мен Медет Чакановичке жауапты лауазымда атқарған тіимді қызметі үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Қ. Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны