24.05.2017, 16:04 5013

Қырымбек Көшербаев: бәрі де өзімізге байланысты

Мүмкіндік бар, қаржы да жеткілікті. Енді іс бастауға не кедергі? Сол баяғы жалқаулық. Осыдан да шағын бизнесті дамытуды жоғарыдан төменге қарай жүргізіп келеміз. Негізінде бұл керісінше болуы керек. Етекбасты ескіліктен арылатын кез әлдеқашан жетті, - деді аймақ басшысы.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Кеше "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасыныӊ тікелей эфирінде өткен "Икім сағаты" хабарында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев студиядағы тілшілермен де емен-жарқын әӊгімелесіп, көкейдегі ойын айтты. Қазіргі жастардыӊ масылдыққа үйір болып, бойкүйездікке бой алдырғанына алаӊдайтынын да жасырмады.

-Тепсе темір үзетін жігіттер "Дайын асқа - тік қасық" болуды әдет қылған. Бір ғана мысал, барлық жағдай жасалғанымен де іскерлік белсенділігіміз артпай отыр. Мүмкіндік бар, қаржы да жеткілікті. Енді іс бастауға не кедергі? Сол баяғы жалқаулық. Осыдан да шағын бизнесті дамытуды жоғарыдан төменге қарай жүргізіп келеміз. Негізінде бұл керісінше болуы керек. Етекбасты ескіліктен арылатын кез әлдеқашан жетті, - деді аймақ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны